15:58, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
ТРАСЕКА ауқымында әуе көлігінің қауіпсіздігі жақсарады
БАКУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Жыл басынан бері уақытта ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы «ТРАСЕКА елдерінің авиация саласындағы қоғамдық және техникалық қауіпсіздігі» жобасын жүзеге асыра бастады.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Бакуде тіркелген аталған ұйымның бас хатшысы Рүстан Женалинов хабарлады.Р.Женалиновтың айтуынша, аталған жобаның мақсаты, Еуроодақпен көршілес елдердегі, сондай-ақ, азаматтық авиация саласындағы халықаралық және еуропалық стандарттарға сәйкес Орталық Азия елдерінің авиация саласындағы қоғамдық және техникалық қауіпсіздігін жетілдіру. Еуропалық комиссиядағы тендердің қорытындысы бойынша, Air Transport Skill Unit компаниясы жобаның мердігері (кеңесші) болып белгіленді.
Жоба азаматтық авиация әкімшілігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, авиация саласындағы қоғамдық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі келісімдер бойынша бенефециар-елдер мен ЕО арасындағы ынтымақтастық шараларды, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі келіссөздерді жүзеге асыруға бағытталған.Жобаның географиясы өте ауқымды, ол Әзірбайжан, Армения, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Тәжікстан, Түркия, Украина және Өзбекстан елдерін қамтиды.