ТРАСЕКА-ға төрағалық ету Қазақстаннан Қырғызстанға өтеді

None
None
БАКУ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Мамырдың 16-ында Қырғызстан Республикасында (Ыстықкөлде) ТРАСЕКА-ның жыл сайынғы Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) жетінші отырысы өтеді,
оның жұмысына «Еуропа-Кавказ-Азия дәлізін дамыту туралы негізгі көпжақты келісім» (НКК) тараптары үкіметтерінің ресми өкілдері, Негізгі көпжақты келісімге (НКК) мүше елдердің ҮАК тұрақты өкілдері, Еурокомиссияның (ЕК) өкілдері, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары қатысады. Бұл жөнінде Бакуде тіркелген аталмыш ұйымның Бас хатшысы Рүстан Женалинов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, шарада Үкіметаралық комиссияға Қазақстан Республикасы төраралық етіп тұрған кезде ТРАСЕКА халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі іс-қимыл, 2015 жылдарға дейінгі кезеңде «Еуропа-Кавказ-Азия» халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі үкіметаралық комиссияның стратегиясын орындау туралы Негізгі көпжақты келісімге қатысушы-елдердің 2008 жылғы іс-қимыл жоспарын орындау барысы, ТРАСЕКА дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қосымша көлік легін тарту мәселелері қаралмақ. Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар ТРАСЕКА-ны бұдан әрі дамытудың келешегін, ұйым құрылымдарын реформалау, көршілес Орталық Азия мемлекеттері мен ЕО елдеріндегі трансеуропалық көлік торабын дамыту мақсатында Оңтүстік-Шығыс белдігін дамыту мәселелері талқыланады.Р.Женалиновтың айтуынша, отырыс ауқымында ТРАСЕКА-ға жаңа мемлекеттер, атап айтқанда Иран Ислам Республикасы Негізгі көпжақты келісімге толық мүше және Литва Республикасы Үкіметаралық комиссияға байқаушы ретінде қосылады.Отырыс барысында ТРАСЕКА-ның мультимодальдық тасымалын дамыту, аталған ұйымның тұрақты хатшылығы мен Азия және Тынық мұхит елдері үшін БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлануда.Отырыста ТРАСЕКА-ның үкіметаралық комиссиясына төрағалық ету құқын Қазақстаннан Қырғызстанға тапсыру, сондай-ақ НКК-ға мүше-елдердің ТРАСЕКА-ның жаңа бас хатшысын сайлауы болады. ТРАСЕКА ҮАК жетінші отырысының қорытынды қарарына қол қою және Ыстықкөл Декларациясын қабылдау жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар