ТРАСЕКА Қара теңіз бен Каспий теңізі бойынша жобаларды жүзеге асыруда

БАКУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Осы жылдың қаңтар айынан бастап ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы «Қара теңіз бен Каспий теңізі бойынша теңіз магистралдары» жобасын жүзеге асыра бастады.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Бакуде тіркелген, аталған ұйымның бас хатшысы Рүстан Женалинов хабарлады.Р.Женалиевтің айтуына қарағанда, жобаның мақсаты Қара теңіз бен Каспий теңізіндегі мультимодальдық және тармақтық көлік қатынасының өзара іс-қимылын жетілдіру арқылы, Еуропа ? Қара теңіз аймағы ? Кавказ ? Орталық Азия дәлізіндегі сауда-көлік қатынасына қолдау көрсету болмақ.Алдағы 24 ай ішінде жүзеге асырылуы тиіс жобаның нақты міндеті, Қара теңіз бен Каспий теңізі елдерін Еуропалық Одақтың кеңейтілген аумағымен байланыстыратын, «Теңіз магистральдарының» тұжырымдамасына сәйкес, интермодалдық жүк көліктерінің тиімділігіне қолдау жасау болып саналады.«Теңіз магистральі жүктерді тікелей жеткізетін (есіктен есікке дейін) интермодальдық тармақтың бір бөлігі болғандықтан, жоба теңіз-жер үсті (темір жол, автокөлік, ішкі су көлігі жолдары) қатынасы мен өзара іс-қимылын, Ильичевск/Одесса ? Поти ? Баку ? Ақтау бағыттарын» қамтиды, деді бас хатшы.Жоба бес елді қамтиды, олар: Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Түрікменстан және Украина.
Соңғы жаңалықтар