Триатлоннан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Триатлоннан Акаба қаласында (Иордания) өтетін Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды.
Аталған тізімге Қазақстан құрамасының спортшылары да кірді.
Азия біріншілігінде спринттен Аян Бейсенбаев, Арлан Жаңабай, Максим Шмулич, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Алуа Нұрмұхамет, Диана Ержанова ел намысын қорғайды.
Еске салайық, Егор Крупяков жақында Чунцинде (Қытай) өткен Азия кубогында күміс жүлдегер атанған еді.
Сары құрлық біріншілігі 26 қарашада өтеді. Сондай-ақ тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.