14:29, 23 Сәуір 2013 | GMT +5
Триполиде Франция елшілігіне шабуыл жасалды
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Ливияның астанасы - Триполиде Францияның елшілігіне шабуыл жасалды.
Көлік жарылған, салдарынан 2 күзетші зардап шекті. Бұл туралы елшіліктің ресми өкіліне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Біздің болжауымызша, көлікке жарылғыш құрылғы орнатылған. Дипломатиялық миссияға үлкен залал келтірілді», -деп атап өтті елшілік өкілі.