Троллейбусқа жай түсіп, өртеп жіберді (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде Петрозаводскіде троллейбусты найзағай соқты. Жолаушылар көлігі депоға бағыт алған, алайда оның ішінде "үш немесе төрт" жолаушы болды. Көліктің алдыңғы жағына жай түсіп, ол отқа оранды.
Жалын троллейбустың алдыңғы бөлігін толық шарпыды. Бірнеше минутта тілсіз жау бүкіл салонға тарады.
Жолаушылардың барлығы және жүргізуші шығып үлгерді.
Жалын шұғыл ауыздықталды, дегенмен троллейбус қатты зақымданды. Оны қалпына келтіру мүмкін емес, деп жазды Би-би-си.