ЦАХАЛ «Хезболла» жетекшісінің өлтірілгенін хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль армиясы «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралланың өлтірілгенін хабарлады, деп жазды ВВС

«Хезболла» жетекшісі Хасан Насралла
Фото: Al Manar

ЦАХАЛ мәлімдемесінде бір күн бұрын Израиль әуе күштерінің жауынгерлері Бейруттың Дахья ауданындағы тұрғын үйдің астында орналасқан «Хезболланың» орталық штаб-пәтеріне соққы бергені айтылған. Соққы топтың жоғары қолбасшылығы штабта болған кезде жасалды.

Өз кезегінде, «Хезболла» ұйым жетекшісінің өлімін әлі растаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Израильдің «Хезболла» штабына соққысынан соң Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақырғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар