ЦАХАЛ Ливаннан Израильге 20 зымыран ұшырылғанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM - Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Ливаннан 20-ға жуық зымыран ұшырылғанын тіркеді, деп жазады ТАСС.

ЦАХАЛ Ливаннан Израильге 20 зымыран ұшырылғанын хабарлады
Фото: Cpl. Brendan Mullin

«Израильдің орталық бөлігінде сирена дауысы естілгеннен кейін Ливаннан бес зымыран келгені анықталды. Зымырандардың көпшілігі қағып түсірілді, бір снаряд адам тұрмайтын жерге құлаған. Батыс Галилея мен Голан биіктерінде (Израильдің солтүстігінде) сиреналар естілгеннен кейін Ливаннан 15-ке жуық зымыран ұшырылғаны анықталды. Олардың кейбірі қағып түсіріліп, қалғандары адам тұрмайтын жерге құлады», - деп хабарлайды армияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі бүгінге дейінгі шабуыл салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмегенін атап өтті.

Бұған дейін Тель-Авив пен оның төңірегінде, сондай-ақ елдің солтүстігіндегі Жоғарғы Галилея мен Голан биіктерінде әуе шабуылының сиреналары іске қосылғаны хабарланған болатын.

Бұған дейін Израиль «Хезболланың» қаржы ұйымдарына соққы бергенін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар