ТШО-дан Газ айыру қондырғысын салуға жер учаскесін алу үшін жария сервитут белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Теңізшевройл» ЖШС Газ айыру қондырғысын салуға жер учаскесін алу үшін жария сервитут белгіленді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Газ айыру қондырғысы құрылысы» жобасын жүзеге асыруға арналған жер учаскесі «Теңізшевройл» ЖШС-нің келісімшарт аумағындағы тау-кен бұру шекарасындағы Теңіз кен орнында орналасқан. Бұл учаске 1993 жылғы Жер қойнауын пайдалану келісім аясында жерді уақытша пайдалану құқығымен ТШО-ға тиесілі», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, бұл ретте «Газ айыру қондырғысы құрылысы» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, сондай-ақ болашақ зауытты салу және іске қосу кезеңінде тиісті нысаналы мақсаты бар жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды алу қажет.

«Дегенмен, келіссөздер барысында ТШО келісім аумағының бір бөлігін жер қойнауынсыз беруге келісім білдірді. Себебі, ол көмірсутек кені тараған шекте орналасқан. Осыған байланысты құзіретті мемлекеттік органдар аталған мәселені шешудің түрлі жолдарын, оның ішінде Жер кодексін өзгертулер енгізуді пысықтады. Талқылау қорытындысында әкімдіктің тиісті қаулысын әзірлеу жолымен Газ айыру қондырғысын салуға жер учаскесін алу үшін жария сервитут белгілеу оңтайлы нұсқа болды», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар