Цифрлық дәлелдерді сот отырыстарында қолдану жеңілдейді
АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс әзірлеп жатқан Цифрлық кодекске «цифрлық дәлел» және «цифрлық делдал» ұғымдары енгізілмек.
Бұл ұғымдарды заңнамаға енгізу арқылы Yandex Go, Glovo, Chocofood сияқты еңбек платформаларының, Kaspi, Wildberries, OZON сияқты маркетплейстердің, booking, krisha.kz қызмет агрегаторларының, мемлекеттік цифрлық сервистердің жауапкершілігі мен жұмыс тәртібін нақты белгілеуге жол ашады.
— «Цифрлық дәлелдер» ұғымы алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл оларды азаматтық құқықтық қатынастар мен сот процестерінде пайдалану мүмкіндігін ашады. Бұл сандық жазбаларды, журналдар мен транзакцияларды заңдық маңыз бар көздер ретінде тануға мүмкіндік береді, — деді құжатты таныстырған Екатерина Смышляева.
Айта кету керек, осы кодексті қабылдау арқылы цифрлық деректерді заң жүзінде мүлік ретінде мойындау ұсынылып отыр.