Цифрлық даму вице-министрі ауысты

АСТАНА. KAZINFORM — Досжан Мұсалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Досжан Мұсалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Досжан Уалдинұлы Мұсалиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

1985 жылы дүниеге келген.

2002–2007 жылдары — Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің академиясын бітірген. Мамандығы — телекоммуникациялық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі.

2012–2014 жылдары — Қазақ гуманитарлық-заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

2021–2023 жылдары — Назарбаев Университетін бітірген. Мемлекеттік басқару магистрі (MPA).

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында ақпараттық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар салаларында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар