Цукерберг сотта Instagram және WhatsApp-ты сатып алу ісі бойынша куәлік етті
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Федералды сауда комиссиясы (FTC) Meta компаниясына қарсы антимонополиялық сот процесін бастады, деп жазады Анадолы.

АҚШ Федералды сауда комиссиясы Meta әлеуметтік желілер нарығын монополиялады деп айыптап отыр.
Айыптау актісі 2012 жылы Instagram-ды және 2014 жылы WhatsApp-ты сатып алу арқылы Facebook-пен бәсекелестікті жойды дегенге негізделген.
FTC мәліметінше, Meta осы тез дамыған платформаларды достар мен жақындармен байланыс орнату саласындағы бәсекені жою үшін сатып алған.
Осы орайда Meta-ның бас директоры Марк Цукерберг сотта куәгер ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды The Hill.
Енді FTC Meta-ны қайта құрылымдауды немесе Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етіп жатыр.
Ақпан айында Meta Трампқа 25 миллион доллар төлейді деген ақпарат тарады. Осылайша АҚШ президенті Дональд Трамп Meta (Facebook) және Instagram иесі Марк Цукербергпен ескі кикілжіңге байланысты заңды келісімге келгені айтылды.
Бұған дейін Meta мен «Қазақстанның авторлық қоғамы» РҚБ Instagram және Facebook платформаларында қазақстандық музыканы пайдалану мәселесін реттейтін шартқа қол қойғаны белгілі болды.