Туған ағасының қыздарын зорлап келген зорлықшы 17 жылға бас бостандығынан айрылды - БҚО

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 43 жасар Жанболат Ж. бірнеше жыл қатарынан туған ағасының бүлдіршін қыздарына зорлық жасап келген. Аналарынан жетім қалған қыздардың әкелері әрдайым жұмыста болатын. Жексұрын ағасы осыны пайдаланып қалмақ болып, түрлі сылтаулармен үйіне шақырып алып, дәрменсіздіктерін пайдаланып, күш көрсетіп, зорлаған. Бейкүнә қыздардың жылап, жалынғандарына да қарамаған. Тіпті болған оқиғаны әкелеріне айтатын болса, отбасыларын түгелімен қыратынын айтқан.
Бұл жантүршігерлік оқиғаны бәлкім ешкім де білмес пе еді, егер де қыздардың бірінің аяғы ауырлап қалмағанда. Болған оқиғаның салдарынан не істерін білмей тығырыққа тірелген қыз туған ағайынының бірнеше жылдар бойы апасы екеуіне көрсетіп келген лас істерін баяндауға мәжбүр болған.
30 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зорлықшыны 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім етті.