Туған күнді тойлауға жиналған бір топ адамнан 5 қару тәркіленді - ІІМ

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында туған күнді мылтық атып атап өтпек болған 19 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туған күнді тойлауға жиналған бір топ адамнан 5 қару тәркіленді  - ІІМ

Криминалдық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері «Ақсу ауданында қаруы бар бір топ адам жиналады» деген жедел ақпарат алған.

Сол жерге жедел-тергеу тобы мен полицияның арнайы бөліністерінің қызметкерлері аттанады.

«Қапал ауылының шетінде орналасқан Кіші Шымбұлақ елді мекенінде 5 автомашинамен келген 19 адам ұсталды. Олар мәнерлеп сырғанаушының бірінің туған күнін мерекелеу үшін жиналған. Облыс орталығының тұрғындарына тиесілі «Тойота Камри 50» және «Лексус 330» маркалы автокөліктерді тексеру кезінде 4 травматикалық тапанша, 1 атыс қаруы және 43 патрон тәркіленді», делінген хабарламада.


Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

«Төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін 19 адамға қатысты әкімшілік хаттама жасалды, материалдар ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша сот қарауында жіберілді», делінген хабарламада.

Ұсталған 4 адамнан атыс қаруы алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.