13:48, 16 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Туған жердің қысқы көрінісі – Нұрлан Қоянбаев жариялаған байқау кең таралып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Қазақстанның көрікті орындары туралы фото-видеолар көптеп жариялануда. Бұл бастаманы продюсер Нұрлан Қоянбаев көтерген.

Тәуелсіздік күніне орай танымал продюсер Instagram желісінде #Qazalemi хэштегімен байқау жариялады.
Қолданушылар өз парақшаларында осы хэштегпен туған жерінің қысқы көрнісімен, әдемі, керемет жерлерімен сурет, видео жариялауы керек. Бұл бастамаға Айгүл Мүкей, Құралай Анарбекова сынды танымал тұлғалар да қолдау көрсетуде.
Ең үздік 3 креативті сурет, видео авторларына Бурабайдағы «Оқжетпес» санаторийіндегі демалыс, IPhone 16ProMax, HUAWEI телефондары тарту етіледі.
Байқау қортындысы 27 желтоқсан күні жариялады.






