20:15, 19 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: ертең күн райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК 20 желтоқсанның Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайы мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

- Атмосфералық фронталды учаскелердің өтуіне орай республика бойынша күн құбылып тұрады, солтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел соғады, - деп хабарлайды синоптиктер.