Тұман, жел, жаңбыр: 23 қыркүйекте ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 23 қыркүйекте Астана мен еліміздің 16 өңірінде ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұман, жаңбыр, найзағай, жел және шаңды дауыл болады.
Астанада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстік жартысында өрт қаупі жоғары, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түсіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Павлодарда да түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының батысы мен орталығында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-ке дейін күшейеді. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Батысында, солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталса, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының шығысы мен оңтүстігінде күндіз желдің екпіні 15–18 м/с-ке дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Батысы мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігі, шығысы мен орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Солтүстік-батысында, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар. Семейде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Алматы мен Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында күндіз шаңды дауыл болады. Күндіз облыстың шығысы мен орталығында солтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-ке дейін күшейеді. Шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-ке дейін жетеді. Батысы, солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Ақтауда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Айта кетейік, «Қазгидромет» Қытайдың MAZU жүйесін Қазақстанда қолданбақ.