Тұман, жел, жауын-шашын: Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА.KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Зима погода Астана қыс ауа райы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысында, солтүстігінде, солтүстік батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен күн құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Осыған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар