Тұманды Альбиондағы Олимпиадада Қазақстан тарапынан 25 спорт түрінен 115 спортшы бақтарын сынайды

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Тұманды Альбиондағы Олимпиадада Қазақстан тарапынан 25 спорт  түрінен 115 спортшы бақтарын сынайды.

Бүгін Астанада Лондондағы айтулы додаға байланысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің басшысы Талғат Ермегияев осылай айтты.

Айта кетейік, осының алдында Бейжіңде өткен Олимпиада Қазақстан спортшылары 23 спорт түрінен қатысқан еді. Жалпы Лондонда наградалардың 302 жиынтығы сарапқа салынбақ.

Оның сөзіне қарағанда, болжам бойынша 13-тен кем емес медальдарды жеңіп алу жоспарланып отыр, оның ішінде 3 алтын бар. «Медальдардың бұдан да артық болуы біздің спортшыларға байланысты. Атап айтқанда, олимпиадада бәсекелестік өте жоғары»,-деді Т. Ермегияев.

Аталған айтулы дода Ұлыбританияда биылғы 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтеді.

Лондонда өтетін Олимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне төленетін бір жолғы төлемақы көлемі

1-орын - баламалы мөлшерде 250 000 АҚШ доллары;

2-орын - баламалы мөлшерде 150 000 АҚШ доллары;

3-орын - баламалы мөлшерде 75 000 АҚШ доллары;

4-орын  - баламалы мөлшерде 30 000 АҚШ доллары;

5-орын - баламалы мөлшерде 10 000 АҚШ доллары;

6-орын - баламалы мөлшерде 5000 АҚШ доллары.

Соңғы жаңалықтар
telegram