Тұмау 1,9 есе төмендеді, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды - ДСМ

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі елдегі инфекциялық аурулар бойынша ахуалдың тұрақтанғанын хабарлады. 

денсаулық
Фото: ҚазАқпарат

Биылғы эпидемиологиялық маусым басталғалы ЖРВИ-дың 150,7 мың жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе төмен. Ағымдағы маусымда тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың 8 айында көптеген инфекциялық аурулар бойынша жағдай тұрақты қалыпта қалды.

Жұқпалы аурулардың тіркелмеуі. Жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде елде 21 инфекция анықталған жоқ. Олардың қатарында оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратиф бар. Сонымен бірге 33 инфекция бойынша сырқаттанушылық айтарлықтай төмендеді.

Айтарлықтай төмендегендері:

– қызылша – 11 есе;
– көкжөтел – 8,1 есе;
– А вирустық гепатиті – 2,5 есе;
– коронавирус инфекциясы – 1,6 есе.

Паразиттік және ішек инфекциялары бойынша да жақсару байқалады. Қызылша ахуалы тұрақтанып келеді: бір жыл бұрынғы 27 856 жағдаймен салыстырғанда қазір 2 569 жағдай тіркелген.

Дегенмен тіркелген деректердің шамамен 76%-ы – вакцинацияланбағандар. Көкжөтелде де ұқсас көрініс: жағдайлардың 89%-ы екпе алмаған адамдарға тиесілі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды балаларға жоспарлы вакцинацияны уақытылы жасатуға шақырып, екпелердің жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызын еске салады.

Дәрігерлердің ұсынымдары:

• адамдар көп жиналатын жерлерде маска және антисептиктерді пайдалану;
• үй-жайларды жиі желдетіп, жеке гигиена ережелерін сақтау;
• теңгерімді тамақтану арқылы иммунитетті нығайту;
• алғашқы белгілер байқалғанда уақтылы медициналық көмекке жүгіну.

Медициналық ұйымдар 5,7 мың орындық төсек қорымен (оның ішінде инфекциялық төсектердің резерві бар) қамтамасыз етілген. Вирусқа қарсы препараттардың, жеке қорғаныс құралдарының және қарқынды терапияға қажетті жабдықтардың қоры жасақталды.

Айта кетейік, СҚО-да скринингіден өткен әр үшінші адамнан туберкулез инфекциясы анықталды.

Соңғы жаңалықтар