Тұмау мен тыныс жолының жіті вирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты - ДСМ

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Республика бойынша тұмау мен тыныс жолының жіті вирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты,
None
None

деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бақылау деңгейі шамадан сәл жоғары. Республиканың мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелері қарапайым режімде жұмыс істеуде.

Сырқаттанғандардың негізгі үлесінің 67,3 пайызын 14 жасқа дейінгі балалардың құрайтыны ескеріле отырып, ауырған балалар мен қызметкерлерді мектепке дейінгі балалар ұйымдарына және мектептерге жібермеуге негізделген жұмыс күшейтілді. Медициналық ұйымдарда профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізілуде: маска режімі енгізілді, стационарларда науқастарға келушілерге шектеу қойылды.

Денсаулық сақтау министрлігі халыққа тұмаудың бірінші белгілері пайда бола салып, медициналық көмекке уақтылы жүгінуге және өздігінен емделмеуге кеңес беріп отыр.

Соңғы жаңалықтар