Тұмаудың алдын алу үшін сарымсақ жеу керек - Жандарбек Бекшин

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин тұмаумен ауырған кезде баланы балабақшаға жібермеуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біздің мақсат -ел тұрғындары арасында бұл аурудың алдын алу. Оңтүстік өңірлерде аурудың таралуы дәстүрлі түрде желтоқсанның екінші жартысынан, ал солтүстік өңірлерде қаңтардың екінші жартысынан басталады», - деп тоқталды Бекшин Астанадағы №9 емханада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 1 миллионға дейін жағдайлары тіркеледі, ал өткен жылы 600 мың ЖРВИ жағдайы байқалды.

«Сондықтан да біз алдын алу шараларына ерекше мән беруіміз керек. ЖРВИ тобына тоқталатын болсақ, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу керек, әсіресе, балаларды. Атап айтқанда, ауасы желдетілмейтін ғимараттарға барудан тартыну қажет. Осыған байланысты балалар ағзасын дәрумендермен барынша толықтарған абзал», - дейді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Бұл ретте бірінші кезекте дәріханаларда сатылатын жасанды дәрумендерді, сондай-ақ жеміс-жидектерді көбірек тұтынған дұрыс.

«Балаларға лимон, анар, киви секілді өнімдерді беру керек. Мұнымен қоса итмұрын, қара қарақат қайнатпаларын ішкен дұрыс, ал түнге табиғи фитонцид болып саналатын сарымсақ пен пиязды тұтынуға кеңес береміз», - деп тоқталды Бекшин.

Бұдан бөлек ол жеке гигиена ережесіне ерекше мән беру, ғимараттың ішін жиі желдету қажеттігін баса айтты.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер отбасында тұмауға шалдыққан адам пайда болса не істеу керектігін айтты.

«Тұмау белгісі бар адам пайда болса, басты талап - үйде қалу. Балабақшаға, мектепке, сондай-ақ жұмысқа барудың қажеті жоқ. Бұл ретте «тұмаумен ауырған адамның өндірісте пайдасынан гөрі зияны басым» деген түсінікті назарға алған жөн. Бұдан кейін адамдар тұмауды көбінесе қоғамдық көлікте де жұқтырады. Сондықтан дәрігерді немесе учаскелік көмекті шақыртқан абзал», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, тұмау таралатын кезеңде халыққа қызмет көрсету мен жедел жәрдем жұмысы күшейтілетін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алдағы дүйсенбіден Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцина егу шаралары басталады . 

Соңғы жаңалықтар