Тұмауға қарсы вакцина пневмонияның алдын алады - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қараша - Дүниежүзілік пневмонияға қарсы күрес күні. Дәл осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы UNISEF-пен бірлесіп пневмонияның алдын алу және оған қарсы күрестің жаһандық іс-қимыл жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пневмония - дүние жүзінде ересектер мен балалар өлімінің көп тараған жұқпалы себебі.

2019 жылы 2,5 миллион адам, оның ішінде 672 000 бала қайтыс болды.

Қазақстанда пневмониядан болатын ауру мен өлім-жітім коронавирусқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда өсті.

Халықтың осал топтарының қолжетімді араласулармен қамтылуын жақсарту мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған фтизиопульмонологиялық қызметті дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленді, оның шеңберінде тыныс алу органдарының аурулары кезінде медициналық көмекті халыққа ұйымдастыру, тыныс алу органдарының аурулары кезінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, тыныс алу органдарының аурулары кезінде көмек көрсету үшін, емдеу-диагностикалық процесті жетілдіру, оның ішінде медициналық ұйымдарды жарақтандырумен қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті дамыту жоспарланып отыр.

Тұмауға, пневмококкқа және гемофильді таяқшаға қарсы вакцинация да - пневмонияның дамуына жол бермеудің тиімді әдістерінің бірі.

Атап айтқанда, пневмония барлық жастағы адамдарға әсер етеді, бірақ әсіресе аға буынға, иммун тапшылығы бар адамдарға және 5 жасқа дейінгі балаларға қауіпті, өйткені дәл осы топтардың иммунитеті әлсіреген немесе әлі жетілмеген болып келеді.

Ағзаларды трансплантациялау немесе химиотерапия курсын жүргізу салдарынан иммундық жүйесі әлсіреген адамдар, сондай-ақ жаман әдеті барлар пневмониямен ауыруға бейім.

Жүкті әйелдер де өмірге қауіп төндіретін пневмонияның даму қаупіне ұшырауы мүмкін.

Пневмонияның дамуының қауіп факторларының ішінде адамда бронх демікпесі, қант диабеті және созылмалы обструктивті өкпе ілеспе ауруы бар.

«Өзіңізді тұмаудан және оның асқынуларынан (пневмония) қорғау үшін тұмауға қарсы екпе алу, адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту, адам көп жиналатын жерлерде маска мен қолғап кию, респираторлық аурудың белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болу қажет» деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, көше мен қоғамдық көліктен кейін қолыңызды сабынмен үнемі жуып отыру керек, тұрған бөлмені желдетіп, ылғалды тазалауды жүргізу қажет.

Гемофильді, пневмококкты инфекцияға, қызылшаға және көкжөтелге қарсы иммундау - пневмонияның алдын алудың тиімді әдісі.


Соңғы жаңалықтар