Түнде Алматының 42 құтқарушысы сауда орталықтардың бірінде шыққан өртпен күресті

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Алматының сауда орталықтарының бірінде азық-түлік павильоны өртенді.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалын бүгін түнгі сағат 03:16-да үш қабатты «Сити Орталық» сауда үйінің бірінші қабатындағы ашық павильоннан тұтанды. Жалын 20 шаршы метр аумаққа тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өртке қарсы қызметінің 42 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар