07:11, 31 Қаңтар 2023 | GMT +5
Түнде Қытай аумағында екі жер сілкінісі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 31 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 05:06 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1051 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 9.2.
MPV магнитудасы – 3.6.
Эпицентр координаттары – 48.21° с.е. 88.32° ш.б.
Тереңдігі – 5 шақырым.
Сезілгені жайлы ақпарат жоқ.
Мұның алдында түнгі 03:38 кезінде Алматыдан оңтүстікке қарай 369 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы бір жер сілкінісі болған еді.
Энергетикалық класы – 9.3.
MPV магнитудасы – 4.1.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Айта кетейік, 30 қаңтар күні қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағындағы тағы бір жер сілкінісін тіркеген.