Түнде ШҚО көпқабатты үйлерінің бірінде орналасқан дүкен өртенді

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер дүкеннен өрт шыққанын анықтады - от жалыны 120 шаршы метр сауда залын күлге айналдырған, ағаш конструкциялар жанып кеткен.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт кезінде күзетші өз орнында болмаған. Күзетші әйелдің айтуынша, ол бірнеше минутқа үйіне кеткен. Тілсіз жау жарты сағатта ауыздықталды. Өрт салдарынан өзге тұрғындардың пәтеріне зақым келген жоқ және ешкім зардап шеккен жоқ.
«Біз барлық пәтерді аралап шықтық, тұрғындар түсіністікпен қарады, - деді Ұлан ауданы ТЖ бөлімінің басшысы Ерлан Балтабаев.
«Кей тұрғындар балаларын алып, туыстарына кетіп қалды, тұрғындардың бір бөлігі далада өрттің сөнгенін күтіп тұрды. Жалпы саны 42 адамды шығардық, оның алтауы балалар».
Қазір өрт сөндірушілер өрттің екі себебін болжап отыр - отты абайсыз қолдану және электр құрылғыларын қолдануда қауіпсіздік ережелерін ұстанбау. Өртті жеке құрамның 12 қызметкері сөндірді.