Түнгі дүкеннің қасындағы төбелес бір адамның өліміне әкеп соқтырды - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына соққыға ұшыраған екі жергілікті тұрғын түсті, олардың біреуі бір тәуліктен кейін көз жұмды.
None
None

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, полиция қызметкерлері жәбірленгендерді соққылаған деген күдікпен алты ер адамды қолға түсірді, олардың үшеуі көршілес жатқан Ақсу ауданының тұрғындары болса, үшеуі - талдықорғандықтар.

Алдын ала жүргізілген тергеу барысында олардың кейіннен төбелеске ұласқан ұрысы Талдықорғанның түнгі дүкендерінің қасында туындағаны анықталды.

Қазіргі кезде екінші жәбірленген азамат әлі ауруханада жатыр. Адам өліміне әкеліп соқтырған денеге жарақат салу дерегі бойынша Талдықорған қаласы ІІБ-ның тергеушілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар