Тұңғыш метро еліміздің игілігі мен амандығына, болашағына қызмет ететін болады - Елбасы

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін еліміз үшін тарихи күн болып отыр. Мұны Елбасы бүгін Алматыда метроның бірінші желісінің алғашқы кезеңін іске қосу рәсімінде айтты. «Бұл біздің елімізде іске қосылып отырған тұңғыш метрополитен. Дүниежүзінде 200-ден астам мемлекет бар. Соның тек 40-ында ғана метро бар. Біз енді осы 40 елдің қатарына кірдік»,- деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.
None
None

Президент Алматыдағы метро салудың 1980 жылы Брежневтің келген кезінен басталғанын, алайда одан кейін тоқтап қалып, құрылысы ұзаққа созылып кеткенін еске түсірді. Дегенмен мемлекеттің қиындықтарға қарамай метро құрылысын қаржыландыруды жалғастырып келе жатқанын жеткізді. Тәулігіне 300 мың адам, ал жылына 110 миллион адам таситын метроның қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпалы зор. Ол қаладағы 200 бағыттағы маршруттарды қысқартуға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы бұл емес. Ол жаңадан қазіргі заманғы жаңа көлік мәдениетін қалыптастырады. «Мен оны болашақ ұрпаққа жеткізуді, қадағалауды құзырлы органдарға тапсырамын. Тұңғыш метро еліміздің игілігі мен амандығына, болашағына қызмет ететін болады. Бүгінгі күн шынында да толғанысты тарихи күн. Ол Қазақстан тарихында жазылатын болады,- деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар