Тұңғыш Президент күні патриоттық тәрбие берудің маңызды факторы ретінде аса қажет - Д.Мыңбай

  АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні патриоттық тәрбие берудің маңызды факторы ретінде аса қажет.
None
None

Бұл пікірді  бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттарының форумында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай білдірді.

«Біз бүгін алғашқы рет мемлекеттік мәртебеге ие мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап отырмыз. Бұл - тарихи дата, оның маңыздылығы уақыт өткен сайын арта береді. 1991 жылы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның халқы ел тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолына тапсырды. Жұбан ақын айтқандай, қазақ «мың өліп, мың тірілген» халық. Бірақ кешегі сақ, ғұн, көк түрік, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманында дәл бүгінгідей атағы аспандап, абыройы асқақтап көрген емес. Халқымызға осы атақ пен абыройды әперген - мемлекеттік қайраткерден ұлт Лидеріне айналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев», - деп атап өтті өз сөзінде Д.Мыңбай.

Министрдің айтуынша, Тұңғыш Президент күні қазақстандықтарға тәуелсіз мемлекетіміз қалыптасуының алғашқы қиын жылдарын бағалауға бағытталған  патриоттық тәрбие берудің маңызды факторы ретінде аса қажет.

Соңғы жаңалықтар