Тұңғыш Президент сайланған 1 желтоқсанды жаңа Қазақстан тарихының басы ретінде мерекелеу өте дұрыс шешімін тауып отыр - Ғ. Есім

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Тұңғыш Президент сайланған 1 желтоқсанды жаңа Қазақстан тарихының басы ретінде мерекелеу өте дұрыс шешімін тауып отыр.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының қабылдануына орай сенатор Ғарифолла Есім осылай мәлімдеді.

«Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір басталды. Ал сол жаңа дәуір қай күннен басталып еді?! 1 желтоқсаннан басталған болатын. 1 желтоқсанда Президент болып сайланған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолы да ерекше. Өйткені, Президент тақ мұрагері ретінде де емес, не болмаса Мәскеудің ұсынысы бойынша да емес, Қазақ халқының таңдауымен, қалауымен тұңғыш рет демократиялық жолмен 1 желтоқсанда сайланды. Бұл Президент сайланған күн Қазақстан Республикасының тарихының басы. Жаңа дәуірдің бірінші күні», - деді Ғ. Есім.

Оның айтуынша, 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні мемлекеттік мерекесін жаңа заманның жаңа тарихының басы деп қараған дұрыс.

«Ал 16 желтоқсандағы маңызды қадам барысында Президент болып сайланған Елбасы Н. Назарбаев Тәуелсіздік декларациясына қол қойды. Осылайша, біздің елімізде жаңа заман басталды. Ал ондай жаңа заманның басын мерекелеудің өзі дұрыс мәселе», - деді сенатор. Оның айтуынша, бұл мереке тек Президентке ғана қатысты емес, бүткіл қазақ еліне қатысты болып табылады.

Соңғы жаңалықтар