Тунис АҚШ елшілігіне шабуыл жасағандардың 87-сін өлім жазасына кесуді талап етпек

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Тунис үкіметі қыркүйектің орта кезінде АҚШ елшілігіне шабуыл жасағандарға қатысты өлім жазасын кесуді талап етпек,
None
None

деп хабарлайды Associated Press.

 Күдіктілердің қорғаушылары мәлімдегендей, айыптаушы жақ кем дегенде 87 адамның  өлім жазасына кесілуіне қол жеткізуді көздеп отырған көрінеді. Оларға ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді деген айып тағылып отыр, деп жазады Лента.ру.

 Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте бірнеше мыңдаған демонстранттар АҚШ елшілігінің алдында антиамерикандық қарсылық шарасын ұйымдастырған болатын. Олар полициямен қақтығысқа түскен. Бір бөлігі олардың тосқауылын бұзып шығып, дипмиссия территориясына өтіп кеткен және елшілік ғимаратына «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед ­- оның Елшісі» деген жазуы бар қара жалауларды іліп тастаған. Тәртіпсіздік салдарынан 4 шеруші мерт болып, ондаған адам жарақаттанды.

 Бұл наразылық Ислам діні мен Мұхаммед пайғамбарды қаралайтын атышулы «Мұсылмандардың кінәсіздігі» фильміне қатысты болған. АҚШ-та түсірілген әуесқой лентаның трейлері 2012 жылғы қыркүйектің басында бүкіл ғаламторды жаулап кеткен еді.

 «Мұсылмандардың кінәсіздігі» тек Тунисте ғана емес, Мысыр, Иран, Пәкістан, Индонезия және Ливан секілді ислам елдерінің көбінде осындай антиамерикандық наразылық шеруіне түрткі болды. Ливияда Бенгази қаласындағы АҚШ елшілігіне жасалған шабуыл кезінде дипмиссияның 4 қызметкері, соның ішінде американдық елші де қаза тапты. Кейбір елдерде полициямен қақтығысып қалған шеруге қатысушылар көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар