Тунис Президентi әлеуметтiк шиеленісті төмендету мақсатында қоғаммен келісім жасауға дайын
![None None](/static/img/plug.webp)
Сәрсенбі күні кешке уақытша президент Фуад Мебазаа мәлімдегендей, бұл халықты «сенім білдіруге және шыдамды болуға» шақыра отырып, «әртүрлі санаттағы азаматтардың алдында тұрған барлық әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін диалог болмақ», деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Тақтан құлаған Мемлекет басшысы Зин әль-Абидина бен Әли қашып кеткен күннің ертесіне - 15 қаңтар күні қызметіне кіріскен Мебазаа алғаш рет отандастарына телеарна арқылы үндеу жасады. Ол еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсынылған талаптардың заңды екендігімен келісті, дегенмен «халыққа жағдайдың барынша күрделі екенін ұғыну» қажеттігін ескертіп өтті.
Халық жалақыны көтеріп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуді, сонымен қатар бен Әлидің авторитарлық режимінің «мұрасын» және оның Демократиялық конституциялық бiрiктiру партиясын жоюды талап етуде.