Тунисте бұрынғы билік жүргізуші партияның қызметі тоқтатылды
деп хабарлайды «Маяк» радиосы. Ол партияға соңғы 23 жыл бойы жетекшілік етіп келген экс-президент Зин әл-Абидин бен Әлидің 14 ақпанда бұқараның қысымынан кейін елден қашып кеткенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.
Ішкі істер министрлігі өкімінің негізінде партияның барлық орталық және аумақтық органдары жабылды, партиялық үгіт-насихат шараларын өткізуге тыйым салынды. Ішкі істер министрі Фархат Раджидің «әділдік мүддесі үшін және заң бұзуға жол бермеу мақсатында» қабылдаған өкімінің күші «партияны тарату туралы ресми сот шешімі қабылданғанға дейін» сақталады, делінген ведомство коммюникесінде.
Оппозиция мен манифестанттардың талап еткені де осы болатын.