Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағалауынан 218 итбалықтың өлексесі табылды

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Кеше облыстың Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағалауынан 218 итбалықтың өлексесі табылды.
None
None
Бүгін осы оқиғаға орай облыс әкімдігінде отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мамырдың 12-сі күні сағат 10.00-дер шамасында Түпқараған ауданында орналасқан №20/18 әскери бөлімі қызметкерлерінен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне Түпқараған ауданының теңіз жағалауында итбалықтардың өлігі табылғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.Аталған оқиға бойынша дереу құрылған комиссия Түпқараған ауданы бойынша теңіз жағалауын «Баутин қосы» және «Үрдік» жерлерін аралап (барлығы 25 шақырым) 218 итбалықтың өлексесін тапқан. Тиісті материалдар жиналып, сараптамаға жөнелтілген. «Өлекселердің бүтіні жоқ. Шіріп кеткендіктен, бірінің басы, екіншісінің құйрығы ғана қалған. Соған қарағанда, бұл - ескі өлекселер. Олар бұл маңда өлмеуі де ықтимал. Алдыңғы күндері батыстан соққан қатты жел өлі жануарлар денесін Түпқараған ауданы тұсындағы теңіз жағалауына шығарып тастаған болса керек. Әзірге ешқандай шешім шығарылған жоқ, бәрін сараптаманың нәтижесі көрсетеді», - дейді облыстық балық инспекциясы басқармасының бастығы Марат Ахметов. Отырыста Ақтау табиғат қорғау прокуроры Қанат Сейтқұлов алдағы уақытта осыған байланысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкіндігін айтты. Ал облыс әкімінің орынбасары Қармыс Боқанов өлекселерден қандай да бір жұқпалы аурулар таралуының алдын алу мақсатында олар залалсыздандырылғанын, яғни өртелгенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар