Түпқарағай мектебіне 1 сыныпқа баратын 100 бүлдіршінге мұнайшылар көмек көрсетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Форт-Шевченко қаласы Түпқарағай ауданында аз қамтылған отбасылардан 1 сыныпқа баратын 100 бүлдіршінге жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында солтүстіккаспийлік жоба атынан мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактар сыйға тартылды.
None
None

«Аталмыш шара консорциумның экономикалық тұрақтылық пен халық игілігін арттыру, денсаулық сақтау, білім саласын, мәдениеті мен мәдени мұрасын, спортты қолдау, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесуге бағытталған демеушілік және игілік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Балалардың өмірін жақсартуға бағытталған шаралар жиі өткізіледі. Бүлдіршіндерді алдағы мереке - Білім күнімен құттықтаймын, оларға мектепте жақсы баға алуларын тілеймін», - деді НКОК компаниясының тұрақты даму жөніндегі менеджері Ерлік Қаражан. Айта кетейік, мұндай шара 21 тамызда Атырау облысында да өткізілген болатын. Онда да мұнай компаниясының өкілдері аз қамтылған отбасылардан 100 балаға осындай рюкзактар табыс еткен еді.

Соңғы жаңалықтар