23:42, 26 Маусым 2025 | GMT +5
Түп–Кеген халықаралық трассасының құрылысы аяқталды
БІШКЕК. KAZINFORM – Түп–Кеген халықаралық жолының құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге дайын. Бұл туралы жобаның инженері Сұлтан Сарыбагышев телеарналардың біріне хабарлады, деп жазды Кабар агенттігі.

Оның айтуынша, бұл жол Ыстықкөл облысының солтүстік-шығысында орналасқан және Қарқара жайлауы бағытында өтеді. Жаңа маршрут халықаралық көлік қатынасын және туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
– Жолдың жалпы ұзындығы – 37 шақырым. Жоба аясында елді мекен ішіндегі жолдарды жөндеу және Сары-Жазға дейінгі 13 шақырымдық жол учаскесін салу да қарастырылған, – деді Сарыбагышев.
Ол қазіргі таңда жол белгілері сызылып, жарықтандыру орнатылғанын және жол толықтай пайдалануға беруге дайын екенін қосты.