Тур де Франс: «Астана» командасының екі өкілі ауруханаға түсті

Үйіндіге соғылған Катальдоның жарыстан шығуына тура келді, құлағаннан кейін ол По қаласының ауруханасына жеткізілді. Якоб Фульсанг жарысты жалғастырды және пелетонның жалпы тобында мәре сызығын кесіп өтті. Фульсанг та мәреге жеткеннен кейін, толық медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер Дарио Катальдоның сол қолының сүйегінде жарық барын анықтадыда, сондай-ақ оның денесінде көптеген жарақаттар бар.
Якоб Фульсанг та сол жақ қолы мен шынтағынан жарақаттар алған. Алайда, соған қарамастан, ол бүгін «Тур де Франстың» 12-інші кезеңіне шығады.
Айта кетейік, аталмыш кезеңнің жеңімпазы неміс Марсель Киттель атанды. «Астана» командасының тағы бір көшбасшысы Фабио Ару да жалпы топта мәреге жетті.
Бұл айналымның нәтижесі бойынша жалпы есеп өзгерген жоқ: британдық Крис Фрум сары жейдесін сақтап қалды, Фабио Ару бұрынғыша - екінші, ал Якоб Фульсанг 5-інші орында тұр.
Бүгін француздық Гранд-турдың По қаласынан Пейрагюдаға дейінгі 214,5 шақырымдық 12-інші кезеңі өтеді.