Тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасына қалай әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауда орындарындағы картоп, сәбіз, қызылша, орамжапырақ келісі 75 теңгеден бір бағамен берілуде, деп жазады Аltaynews .
None
None

«Биыл жылдағыдай тұрақтандыру қорының өнімдерін сату басталды ма? Өскеменде және Семейде ел тұтынатын негізгі көкөністердің бағасы қаншадан қойылған? Арзан өнімдерді қайдан алуға болады?» деген сауалдарға «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Антон Крамаренко жауап берді.

«Өскемен қаласына қазіргі уақытта күніне шамамен 10-15 тонна аралығында тұрақтандыру қорының өнімдері кіргізілуде. Қалада әлеуметтік сауда нүктелері толық жұмыс істеп тұр. Өскеменде - 40, Семей қаласында - 32 сауда нүктелерінде тұрақтандыру қорының өнімдері халыққа ұсынылуда», -  деді Антон Крамаренко.

Компания өкілінің сөзіне қарағанда, аталмыш сауда орындардың 13-і «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-на тиесілі болса, қалған орындар екі қаладағы әкімдіктер мен қаладағы сауда дүкендері арасында жасалған меморандумдар аясында ашылған.

«Сауда орындарындағы картоп, сәбіз, қызылша, орамжапырақ келісі 75 теңгеден бір бағамен берілуде. Бұл - нағыз нарықтық баға. Екі қала бойынша жергілікті агрофирмалардан 7,5 мың тонна өнім сатып алынып, сақтауға қойылған. Жалпы құны - 364 млн. теңге. Өнімдерді қаладағы маңдайшасына «Тұрақтандыру қорының өнімдері» деп жазылған сауда нүктелерінен және меморандум жасалған арнайы дүкендерден алуға болады», - дейді ол.

Атап өтерлігі, биыл республика бойынша ең үлкен тұрақтандыру қоры Шығыс Қазақстанда құрылған. Алда корпорацияға қатысты орындар санын Семейде арттыруды жоспарлап отыр. Қордағы өнімдер ауылшаруашылық тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпай, ауыздықтап отыруға толықтай мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар