20:23, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Тұрақтандыру жоспарының басты мақсаты ? ғаламдық дағдарыстың салдарын жұмсарту ғана емес, сонымен қатар сапалы экономикалық өсудің негізін қалау
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – Бұған дейін хабарланғандай, ақпанның 2-сі күні ҚР Үкіметінің отырысы өтіп, онда 2008 жылдың қорытындысы қаралды және алдағы кезеңде атқарылар міндеттер белгіленді. ҚазАқпарат Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу агенттігінің 2009-2010 жылдарға арнап жасаған Тұрақтандыру туралы бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды таратады.

2008 жылдың күзінде әлемдік қаржы және экономикалық рыноктағы ахуал күрт шиеленісіп кетті. Жаһандық экономиканы әлемдік дағдарыстың екінші толқыны шырмап алды. 2008 жылдың екінші жартысында халықаралық қорлар мен шикізат рыноктарында күрт құлдыраулар орын алды.Сыртқы капитал рыногының жабықтығы, әлемдік ірі экономика алпауыттарының бір мезетте рецессия мен іркіліске ұшырауы, мұнай мен металл өнімдеріне әлемдік бағаның күрт түсіп кету себептері жаһандық экономикалық құлдырауға әкеліп соқты.Әлемдік экономикадағы мұндай үрдістер мемлекеттен екінші тұрақтандыру (дағдарысқа қарсы) бағдарламасының қабылдануын талап етті. 2008 жылғы қарашаның 25-інде 2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚБА-нің бірлескен іс-қимылы жоспары қабылданды. 2009-2010 жылдарға арналған тұрақтандыру жоспарының басты мақсаты ? ғаламдық дағдарыстың салдарын жұмсарту ғана емес, сонымен қатар сапалы экономикалық өсудің де негізін қалау болады. Ұлттық қор мен республикалық бюджет есебінен қаржыландыру жоспары, сондай-ақ, Ұлттық банк қабылдаған шаралар мен салық көлемінің азайтылуы нәтижесінде 2,2 трлн, теңге немесе 18,3 млрд доллар құралды, бұл Қазақстанның ЖІӨ-нің 15 %-ы.Осы жылғы қаңтардың 13-інде Тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары қабылданды, онда дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың тетіктерінің күнтізбелік тарқатылуы көрсетілген.
Тұрақтандыру бағдарламасы мен оны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылы жоспары 5 бағытты («бес үлкен іс») қамтиды:
- Қаржы секторын тұрақтандыру;
- Қозғалмайтын мүлік рыногындағы мәселелерді шешу;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;
- Агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
- Иновациялық, индустиялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру.
Қолдауға басымдық көрсетілген 2 жүйе:
- Макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау;
- Еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік-әлсіз жіктерін қолдау.
«2009-2010 жылдары экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі Үкімет, Ұлттық банк және ҚБА-нің бірлескен іс-қимыл жоспарын» орындауда 2009 жылдың қаңтарында қандай іс-шаралар атқарылды?Ірі банктерге қосымша қаржы құю бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жүзеге асыру барысында осы жылғы қаңтардың 15-інде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ Қазкоммерцбанкпен және Халық банкімен келісімге қол қойды.«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ аталған банктің әр қайсының шотына 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде депозиттер енгізді.Осы жылғы ақпанның 2-де Үкімет ҚБА-мен бірлесе отырып, бұған дейін қосымша жарияланған 29,9 млн. дана көлемдегі акцияны қордың өз есебіне алуы арқылы, «ТӘБ» АҚ-ын капиталмен толықтыру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ТӘБ-ке бөлінген қосымша капитал сомасының мөлшері 251,3 млрд. теңге құрап отыр. Осылайша, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ-ның ТӘБ капиталындағы үлесі 78,14 % өсе түседі де, керісінше банк акционерлерінің үлесі 21,86 %-ға дейін кемиді және олардың акцияларының саны сақталады.«Альянс банк» АҚ-да мемлекет бақылауына көшті. Банктерге берілген қаржы нақты экономика секторларын несиелендіруге жұмсалады.Қаңтардың 13-де «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ-ның директорлар кеңесі Ұлттық қордан алынуы тиіс 10 млрд. доллар қаржының 4 млрд. долларын тарту үшін облигациялар шығарудың шарттарын қолдады, мемлекеттік тіркелу үшін тиісті құжаттар ҚБА-не жолданды. Енді, таяу уақытта «Самұрық Қазына» ҰӘАҚ облигацияларды Ұлттық банкке сатуды жүзеге асыра бастайды.«Самұрық-Қазына» Қоры бағдарламасының екінші бағыты бойынша қолдау көрсету жүйелерді шектелген бағамен өздерінің серіктес компаниялары арқылы жүзеге асыруға қатысуға дайын Астанадағы бес құрылыс компаниялармен меморандумға қол қойды. Аталған нысандарды қаржыландыру ақпан айында басталады. Осы шараларды орындау барысында 432 үлескер қатысып отырған бес нысандағы 1191 пәтердің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.«Самұрық-Қазына» қоры Астана қаласында осы жүйе бойынша жұмыс жасайтын, нысанында 1071 үлескері бар тағы 3 құрылыс компаниясымен меморандумға қол қою мәселесін қарастырып жатыр.
Жасалған механизмдер аясында «Альянсқұрылысинвест» ЖШС-нің құрылыс нысандарын аяқтау жөнінде аталған компания мен АТФ банк әріптестік туралы меморандум жасасты. Құрылыс салушылардың нысандарын қаржыландыру 5437 үлескері бар, 8500 пәтердің құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді, бұл қаладағы проблемалы үлескерлердің 60 %-ын құрайды.Еркін баға бойынша пәтерлер сату тетігі жөнінде «BI-Group» компаниясы жақын арада банкпен бірлесе отырып, Астанадағы нысандар бойынша 100 пәтер сатып алушыдан пул ұсынуды жоспарлап отыр.Алматыда «Самұрық-Қазынаның» серіктес компаниялары арқылы құрылыс нысандарын қолдау жүйесін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар басталды. Қаңтардың 21-інде Қордың серіктес компаниялары арқылы несиелендіру жүйесіне қатысуға дайын, «МЖК Отырар», «Сәулет Т-Құрылыс», «Бейбарыс продактс» және «Айт хаузинг» секілді қаладағы төрт құрылыс компаниясымен меморандумдарға қол қойды. Қаржыландыру ұйымдастырылған жағдайда 3600 үлескері, 7500-ден астам пәтері бар құрылыс нысаны пайдалануға беріледі.«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» мәселесі бойынша осы жылдың ақпанынан бастап екінші деңгейдегі банктерге 1 млрд, доллар көлемінде қаржы аударылып, кәсіпкерлікті несиелеу бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды.Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссия екінші деңгейдегі банктің және қаржы ұйымдарының шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға қатысушылар тізімін, сондай-ақ, экономиканы тұрақтандыру үшін Ұлттық қордан олардың әрқайсына бөлінетін қаржы көлемінің шектелуін қолдады.Алматы қаласына 50 млрд. теңгеден кем емес, Астана қаласына 30 млрд. теңгеден кем емес қаржы бөлу жөнінде «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ- әкімдіктермен меморандумға қол қойды.Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу бағдарламасы бойынша банктер ақпан айында қаржыландырыла бастайды да, мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алу үшін кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктерге өтініш білдірулеріне болады.Жаңа салық кодексі бойынша корпоративтік табыс салығын кезең-кезеңмен төмендету көзделген, айтар болсақ, 2009 жылға дейін 20%, 2010 жылға дейін 17.5%, 2011 жылға дейін 15%-ға кемиді.Бүгінгі күнге дейін Индустрия және сауда министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әкімдіктер және ірі кәсіпорындар мен орта кәсіпкерлер арасында жұмыс орындарын сақтау және жұмыскерлерді жаппай жұмыстан босатудың алдын алу жөніндегі 1002 меморандумға қол қол қойды.Әкімдіктер жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту, босаған жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету шараларына арналған еңбекке тартуды тұрақтандырудың аймақтық бағдарламаларын әзірледі.Ағымдағы жылы ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында шетелдік жұмыс күшін тарту өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін кемітілді.