Тұрақтылық орнату мен елді дамытудағы Қазақстан Президентінің еңбегін әлем танып отыр - С.А.Машади
Екі елдің арасындағы сауда қатынастарын тереңдету үшін пәкістандық кәсіпкерлер Қазақстанның экономикасына инвестиция салуға ниеттеніп отыр.
ҚазАқпарат Саид Асад Машади мырзаның Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауына қатысты үнқатуын жариялап отыр.
«Қазақстаннның қарқынды дамуындағы ел Президентінің ролі айқын. Ол кісі Қазақстанның болашақ дамуына қатысты сындарлы жоспар жасады және соны жүзеге асыру жолында ыждаһатты еңбек етуде.
Оның тамаша көшбасшылық қыры мен тиімді стратегиялық жоспарлау ерекшелігі өзара үйлесіп, бірегей нәтижелер беріп отыр. Президент Н.Назарбаев 1997 жылы қабылданған «Қазақстан -2030» бағдарламасында ұзақмерзімдік мақсаттар мен міндеттерді анықтаған болатын. Президент сәйкес жоспарлар әзірлеп, денсаулық сақтау, құрылыс саласы жүйелерін жетілдіруді және ел халқының тұрмысын жақсартуды қамтитын тиімді мемлекеттік саясатқа кепілдік беріп отыр.
.. Республиканың орнықты экономикалық дамуы үшін Н.Назарбаев индустрияландыруды, инфрақұрылымды дамытуды жеделдетуде және адами капиталдың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін инвестицияны еселеуде», - дейді Саид Асад Машади мырза.
«Президент Н.Назарбаевтың Қазақстанда тұрақтылық орнату мен оны дамытудағы еңбегін әлем мойындап отыр және бұл жетістіктер басқа елдерге үлгі бола алады», дейді С.А.Машади.