«Тұран» командасына жаңа бапкер тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - «Тұран» футбол клубы бас бапкері қызметіне Әбдіхалық Бөрібаев келді.Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тұран» командасына жаңа бапкер тағайындалды
Фото: «Тұран» футбол клубы

Командада болған кадрлық өзгерістерге байланысты қазіргі уақытта команда ойыншылар құрамы жасақталып жатыр. Клуб сапына қазақстандық және жергілікті ойыншылар шақырылды.

— Қазір толық құрам жасақталып жатыр, — деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Әбдіхалық Бөрібаев 1969 жылы дүниеге келген. Ол бұдан бұрын да командада бас бапкер қызметін атқарды. Түркістандық клубты екінші лигадан Премьер-лигаға дейін алып шықты. Төрт жылдай бұрын денсаулық жағдайына байланысты командадан кетті.

Айта кетсек, биыл «Тұранда» қаржы мәселесіне байланысты бас бапкер Виталий Жуковский мен шетелдік футболшылар кетіп қалды. 

Екі жақтың келісімі бойынша беларусьтік ойыншылар — Руслан Юденков, Игорь Стасевич, Василий Совпель және Егор Хаткевич, черногориялық Йован Пайович пен Горан Милойко «Тұран» сапынан кетті.

Соңғы жаңалықтар