«Тұран» мен «Ақжайық» Премьер-Лигадан түсіп қалды

26-турдағы соңғы екі ойында Павлодар облысының «Ақсуы» өз алаңында «Атырауды» 2:1 есебімен жеңсе, Түркістан облысының «Мақтаралы» мен Шымкенттің «Ордабасы» клубы 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Сондай-ақ, бүгін «Астана» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 3:2 есебімен жеңсе, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайратынан» 4:1 есебімен басым түсті. Ал Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Оралдың «Ақжайығын» 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал «Тараз» өз алаңында Түркістанның «Тұранына» 2:3 есебімен жеңілсе, Петропавлдың «Қызылжары» өз алаңында Ақтаудың «Каспийінен» 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша «Астана» чемпион атанса, «Ақтөбе» мен «Тобыл» екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. «Тұран» мен «Ақжайық» алдағы жылы бірінші лигада ойын көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Оқжетпес» пен «Қайсар» Премьер-лигаға жолдама алды.
Енді 12 қарашада Қазақстан кубогының финалында «Ақжайық» пен «Ордабасы» командалары кездеседі.