12:13, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Тұрарбек Сұлтанбеков Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды - Атырау облысы
АТЫРАУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысында Исатай ауданының әкімі болып Тұрарбек Сұлтанбеков тағайындалды.

Т.Сұлтанбеков 1959 жылы дүниеге келді. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған.
Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап - Исатай ауданы әкімінің орынбасары.