Тұрғын үйдің техникалық паспортын кадастрлыққа ауыстыру міндетті ме

АСТАНА. KAZINFORM — Желіде тұрғын үй иелері техникалық паспортты кадастрлық паспортқа міндетті түрде ауыстыру қажет деген ақпарат тарап жатыр. Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі түсінік берді.

кеңсе
Фото: Kazinform

— Тұрғын үй иелері техникалық паспортты кадастрлық паспортқа міндетті түрде ауыстыру қажет деген ақпарат жалған. Ауыстыру тек қана екінші деңгейлі банктерге жүгінген жағдайда (қарыз, кепіл және т. б.) немесе нотариус арқылы мәміле жасағанда (олардың талабы бойынша) ғана қажет, — деді корпорацияның баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Атагулин.

Оның айтуынша, тұрғын үй паспортын ауыстыру меншік иесінің қалауымен жүзеге асырылады. 

— Тікелей міндет жоқ. Сондай-ақ заңнамада да мұндай талап қарастырылмаған, — деп толықтырды ол. 

Еске салайық, өткен жылы жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры бойынша 100 млн өтінім түсті.

Соңғы жаңалықтар