Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде «Бірге өсеміз» деген республикалық шара басталды

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да «Бірге өсеміз» деп аталатын республикалық шара басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маусымның 30-на дейін созылатын бұл акция кезіндетұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасағаны үшін клиент комиссиялық алымның 50 пайызын ғана төлейді. Шарт 7 жасқа дейінгі әрбір балаға жасалады. Оны банк салымшысы болмаса да кез-келген жеке тұлға жасай алады. Акция шеңберінде 18 жастан асқан клиентке тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын жасағаннан кейін 6 ай ішінде шартты қайта табыстауға тыйым салынған», дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның баспасөз хатшысы Сәуле Омарова. Оның айтуынша, 2003 жылы құрылған бұл банк еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізінде жұмыс істейтін бірден-бір қаржы институты болып табылады. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімшелері республиканың барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Семей қалаларында жұмыс істейді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі әр азаматтың баспана жағдайын жақсарту мақсатында дербес салымға ақша жинап, кейіннен банктен заем алу мүмкіндігіне негізделген. Ол үшін кез-келген азамат алдымен банкке келіп, тарифтік бағдарламалардың бірін таңдап, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарт жасауы керек. Содан кейін ай сайын, тұрақты түрде өз шотына ақша салу арқылы тиісті қаражаттың жартысын жинайды. Сол жағдайда нарықтағы ең төмен - 3,5-5 пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын алу мүмкіндігі бар. Салымшы шартқа қол қойған күннен бастап, жинақтау кезеңі және несие бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталғанша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ салымшылардың депозиттеріне банк сыйақысымен қоса мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Оның мөлшері салымның ынталандырылған бөлігінің 200 айлық есептік көрсеткішінің 20 пайызына тең. Мемлекет тарапынан банк клиенттеріне көрсетілетін тағы бір қомақты көмек - салықты жеңілдету. Банктің несиесін пайдаланған азаматтар үстеме ақысына жеке табыс салығын төлемейді. Ол үшін заем алушы жұмыс орнына банктен анықтама апаруы керек.

Мамырдың біріне дейінгі қаржылық көрсеткіштерге қарағанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы 174,995 келісімшарт жасалған. Салымшылардың жинағы - 30,54 миллиард теңге болса, келісімшарт сомасы - 283,63 миллиард теңге болды. Ал берілген заемдардың саны - 20,094, көлемі - 61,75 миллиард теңгені құрады», дейді Сәуле Омарова.

Соңғы жаңалықтар