Тұрғын үй құрылысын қолдау шарасының бірінші бағытында 40,8 млрд. теңге бөлу көзделген - С.Нокин

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Тұрғын үй құрылысын қолдау шарасының бірінші бағытында 40,8 млрд. теңге бөлу көзделген.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылатынын атап өткен оның айтуынша, бірінші бағытта тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесінің әлеуетін пайдаланып жүзеге асыру үшін жергілікті атқару органдармен кредиттік тұрғын үй құрылысы қолға алынатын болады. «Бұл сызба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады және 2011-2013 жылдары 40,8 млрд. теңге бөлу қарастырылған, оның ішінде 2011 жылы ілкі жобаларды жүзеге асыру үшін 20,8 млрд. теңге көзделмек», - деді С.Нокин.

Агенттік басшысының айтуына қарағанда, бұл сызба бойынша "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" белгілі құны және жайлылық санаты бойынша тұрғын үй сатып алуды қалаған салымшылардың пулын құрып, жергілік атқарушы органдарға тұрғын үй құрылысына өтінім жібереді. Ал жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде республикалық бюджет кредиті есебінен тұрғын үй құрылысын ұйымдастыратын болады. Ол үшін арнайы тендер өткізіліп, мердігер анықталады және инженерлік инфрақұрылысы жүргізілген жер учаскесі бөлінеді. Үй салынып біткеннен кейін жергілікті атқарушы органдар банк салымшылармен сатып алу-сату келісімшартын жасайды. Қабылдау-беру актісі бойынша салымшы пәтерін алғаннан кейін банк салынған үй үшін жергілікті атқарушы органға қаржы аударады.

«2011-2012 жылдар кезеңінде аталған сызба бойынша тұрғын үй құрылысына шамамен 40 млрд. теңге, оның ішінде 2011 жылы 8 млрд теңге бөлу көзделген. Бұл 2012 жылы 300 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етеді»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар