13:35, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Тұрғын-үй құрылысына бағытталған инвестиция азайды
АҚТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Биылғы қаңтар айында тұрғын-үй құрылысына 1,175 млн. теңге инвестиция бағытталды.
Бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 36,7 пайызға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Жалпы көлемі 2876 шаршы метр 202 жаңа тұрғын үй салынды, ол 2008 жылдың сәйкес кезеңінен 27,7 пайыз аз. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің басым үлес салмағын Ақтау (10,1 пайыз) және Жаңаөзен (38,3 пайыз) қалалары мен Мұнайлы ауданы (23,8 пайыз) алып отыр. Тұрғын үйлердің 1 шаршы метрін салудың жалпы көлемінің биылғы құны 56,4 мың теңге. Ал ол 2008 жылдың қаңтарында 41,4 мың теңге болған.