Тұрғын үй жалдау субсидиясы қай айдан бастап есептеледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй жалдау субсидиясына берілген 30 мың өтініштің 12 мыңнан астамы көп балалы отбасылардан түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өтініш бергендердің ішіндегі көпбалалы отбасылардың үлесі басым – 12 152, ал І және ІІ топтағы мүгедектер (3 485) мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың (3 587) үлесі бір-біріне жақын. Жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың (415) үлесі төмен», - деп жазылған «Отбасы банк» акционерлік қоғамы ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауапта.

Акционерлік қоғамның баспасөз қызметі аталған субсидия өтініші мақұлданған адамдарға қай айдан бастап есептелетінін түсіндірді.

«Субсидияға үміткер otbasybank.kz порталындағы жалдау шартына қол қойып, құжат мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және де жалға алушы жалдамалы пәтердің 50% банк шотына аударғаннан кейін ғана субсидия төлемдері жалға берушінің шотына жөнелтіледі», - делінген ресми жауапта.

Еске салсақ, тұрғын үй жалдау төлемдерін алуға мына төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады:

- І және І топтағы мүгедектер;

- мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;

- көп балалы отбасылар.


Соңғы жаңалықтар