Тұрғындар ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бойынша өз үйлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізді - Павлодар

ПАВЛОДАР. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бектұров көшесі бойындағы №5 үйдің тұрғындары несиелендіру талаптарын егжей-тегжейлі қарастыра отырып, мемлекеттік тұрғын үйді жаңғырту бағдармасына қатысты,
None
None

деп хабарлады Павлодар әкімінің баспасөз қызметі.

 50 жыл бұрын салынған 5 қабатты үй жөндеуден өтіп, жаңартылды. Баспалдақтары мен коммуникациялары және жартылай төбе жабындысы жөнделді, жаңа есіктер қойылуда.

 Тұрғындар үйдің жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлерді өздері таңдады. Жөндеу жұмысының сметасы 8 млн.-нан астам соманы құрады.

 «Тұрғындардың қалауы бойынша біз үйдің сәулетін сақтадық. Үйдің алдын жөндей отырып, Қарағандыда балкон үшін фигуралық әйнектерге тапсырыс бердік. Жөндеу жұмыстары айдың соңына қарай аяқталады», - деді «Қалалық коммуникациялық шаруашылық» МҚМ директорының орынбасары Зәкәрия Сұлтанғазинов.

Соңғы жаңалықтар