Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА.  Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сыр өңірі тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Батыржан Қаракөзов хабарлауынша, сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағдарламасына 3 жылда 19,8 млрд. теңге қаржы бөлініп, 1192,4 шақырым су құбыры тартылған. Бағдарлама жүзеге аса бастаған 2007 жылы барлық қаржы көздерінен бөлінген 4 млрд. теңгеге 139,8 шақырым ауызсу жүйесі пайдалануға берілді.

Қызылорда қаласындағы Қызылжарма жерасты су қорын анықтауға бөлінген қаржы игерілді. Ал 2008 жылы бөлінген 6,6 млрд. теңгеге 336,4 шақырым ауызсу жүйесі тартылды. Тарих сахнасынан жылжып бара жатқан жылда 9,1 млрд. теңгеге 716,2 шақырым құбыр салынды. Жыл өткен сайын осы мақсатқа бөлінген қаржы көлемі ұлғайып, топтық су құбырларына 24 елді мекен қосылды. Сондай-ақ 26 елді мекеннің ішкі су жүйелеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұрын скважина суын пайдаланған 34 елді мекен локалды және топтық су құбырына жалғанды. Осы уақытқа дейін шахталық құдықтар суын пайдаланып келген 50 ауылдың 9-ы локалды су жүйесімен қамтамасыз етілді. Бағдарлама жүзеге асқан 3 жылда 70 елді мекеннің 217927 тұрғыны сапалы ауызсуға қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар